Назарбаевтар зиратында тағы бір зират пайда болды ма?

Сағыныш Сардарова 19 мам. 2025 16:03

Әлеуметтік желіде Назарбаевтар зиратында тағы бір зират пайда болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Желіде тараған ақпарат

TikTok желісінде тараған видеода автор Болат Назарбаевтың жұбайының, өзінің зиратын көрсетіп, жақын арада тағы бір зират пайда болғанын айтады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды түрліше жорып жатыр. Кейбір желі қолданушылары мұны Сара Назарбаеваға қатысты жағдаймен де байланыстырған.

Әкімдік жауабы

Қарасай ауданы әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты Tengrinews.kz басылымына жауап берген.

Әкімдік мәліметінше, Назарбаевтар әулетінің Шамалған ауылындағы зиратында 2024 жылы желтоқсанда қайтыс болған басқа адам жерленген.

"Діни рәсімдер мен дәстүрлерге сай жерленді. Қазір қабірде ешқандай жазу не тақтайша жоқ, алайда марқұмның туыстарының айтуынша, жақын арада тақтайша орнатылады", – деп жазылған әкімдік жауабында.

Бұған дейінгі жағдай

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай БАҚ-та тарап жатқан ақпаратқа пікір білдіріп, Сара Назарбаева аман екенін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар