Оралға жұмыс сапарымен барған президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы бәрі басқаша болатынын қадап айтты. Мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып, табысқа кенелгісі келетіндердің жолы кесіледі, өйткені жеңілдетілген несие тек қана баспанаға шын мұқтаж жандарға беріледі, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
«Қолжетімді, әрі бірінші баспанамен қамтамасыз ету! Пәтері бар адамдар бұл бағдарламаға қатыспайды. Өйткені біздің халық өте қу, арзанға алып алып, сосын арендаға беріп қойып «зарплат» алып жүргісі келеді. Жоқ! Үйі жоқтарға ғана береміз. Сол үшін бағдарламаға жастар қатысады«,
— деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.