– «Қазақстан азаматтарының» орнына «әркім» деген өзгерісті енгізуді заңгерлер қауымы толығымен қолдады. Себебі соның арқасында елімізге инвестицияны көбірек тартуға мүмкіндік бар. Инвесторлардың сенімі де арта түседі. Дегенмен, асығыстық жасамай-ақ қоялық. Бізге консенсус керек. Осыны кеңінен түсіндіру қажет. Бәрібір біз оған келеміз. Жер мәселесінде де ондай болады. Өйткені иесіз жер тозады. Оның құнарлығы жоғалады. Сондықтан күндердің күнінде оны түсінімуіміз керек. «Иесі жоқ жер жетім» деген қазақтың сөзі бар. Талай рет көргенбіз, қурай өсіп, жердің тозып кеткенін. Бұл бапты кейінге шегере тұрайық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы жаңа заң жобасын Парламент қарауына енгізді. Қазір аталған өзгеріске байланысты депутаттар бірінші оқылымда дауыс беретін болады.
– Конституциялық реформалар – Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға нақты жауабымыз болды. Ол демократиялық даму бағыты. Біз жауапты сәттердің бәрінде ауызбіршілігімізді таныта білген xалықпыз. Қазір де осы асыл қасиетімізді көрсетуге тиіспіз. Ел болашағы үшін айрықша маңызды істі абыроймен атқаратынымызға нық сеніммен тиісті заң жобасын Парламентке енгізіп отырмын. Енді Парламент ашық қарауы керек, – деді Президент.
Дереккөзі: baq.kz