Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесі түсіндірілді

Dalanews 25 жел. 2017 04:53 1092

Еліміздегі емдеу мекемелері 2017 жылдың 1 шілде айынан бастап Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру (МӘМС) жүйесін көпшілікке жан-жақты түсіндіріп жатқанына біраз уақыт болды. Осы бір маңызды іске Алматы қаласындағы №18 қалалық емхана қызметкерлері де өз үлесін қосты.  

Бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінде заңнамаға МӘМС аясында біршама өзгертулер енгізілген болатын. Осы ретте №18 қалалық емхана қызметкерлері өздеріне тиісті аумақтағы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, енгізілген өзгерістер жайында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы ретте біздің қызметкерлер МӘМС аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімі кейінге шегеріліп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылғаны, сақтандырылмаған тұрғындар үшін мемлекет есебінен 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін сақталатынын және жеңілдік санатындағы тұрғындар үшін төлейтін жарна төлемдерінің және жеке тұлғалардың (жалдамалы жұмыскерлер, өзін-өзі қамтушылар, оның ішінде ЖК, АҚС) жарна төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылғанын жіліктеп түсіндіріп берді. Сонымен қатар биылғы өзгерісте жеке тұлғалардың жарна мөлшері (жарна есептеу объектісінен) 5%-дан 1%-ға дейін азайтылғаны жені аударымдар мен жарналарды есептеу үшін ең төменгі шек (1 ЕТЖ) алынып тасталанғанын да айтты. Үгіт-насихат жұмысы кезінде №18 қалалық емхана қызметкерлері тұрғындың Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесіне қатысты өзге де сұрақтарына жауап беріп, өз жұмыстар жоғары деңгейде атқарды.

Әнел ЖАНЫСОВА, №18 қалалық емхана қызметкері.

Алматы қаласы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар