Мақтаарал ауданының әкімі Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесті

Dalanews 14 жел. 2018 12:46 913

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесінде Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов 1991 жылы туылып, қазіргі таңда түрлі салада қызмет етіп жүрген белсенді жастармен «Тәуелсіздік құрдастары» атты кездесу кешін өткізді. Жиын барысы еркін форматта өрбіп, тәуелсіздігіміздің құрдастары аудан басшысымен ашық-жарқын сұхбат құрды. 

– Құрметті жастар! Сіздерді ең ұлы мерекеміз – Республикамыздың Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Біз жерінің асты байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақ елінің Тәуелсіздігінің 27 жылдығын зор қуанышпен қарсы алып отырмыз. Әр қайсыңыз өз өмір жолдарын тапқан білікті маман, үлгілі отбасы, ауданымыздың мақтанышысыздар. Осындай айтулы мереке қарсаңында егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін. Киелі Мақтаарал ауданының дамуына осылайша өз үлестеріңізді қосып жүре беріңіздер! – деді ізгі тілегін арнаған Бақыт Нәсірханұлы.

Кездесуге мемлекеттік қызмет, прокуратура, ішкі істер, кәсіпкерлік, денсаулық, білім, ақпарат, өнер, спорт саласында қызмет етіп жүрген ең белсенді жастар қатысты. Олар өз салаларын дамытуға бағытталған ойларын ашық айтып, кейбір келелі мәселелерді шешуге арналған ұсыныстарын аудан басшысына жеткізді.

Кездесу кешінде аудан әкімі Б.Асанов жастарды алғыс хатпен марапаттап, арнайы дайындалған сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, аудан жастарын тәуелсіздігімізді нығайтуға шақыру үшін Үндеу жарияланып, белсенді жастар тарапынан қолдау тапты.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар