Сонымен, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өкімімен тағайындалған аппараттың құрамы:
Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы – аудан әкімінің орынбасары;
Ешанқұлова Алтын Күнтуқызы – аудан әкімінің орынбасары;
Сұлтанханов Сәкен Асылханұлы – аудан әкімінің орынбасары;
Саттаров Нұрбол Жақсылықұлы – аудан әкімінің аппарат басшысы;
Айдарбеков Мұрат Муслимұлы – аудан әкімінің кеңесшісі;
Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;
Тұрымбетов Ерлан Әбдібақыұлы – аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы;
Асабаев Досым Тұрғанбайұлы – аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы;
Мүсірепов Бауыржан Әбдіқадірұлы – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі және заң бөлімінің басшысы;
Жиын барысында өңір басшысы аудан әкімінің аппаратына тағайындалған басқа да лауазым иелерін атап өтті. Сондай-ақ, аппарат құрамы толық қалыптасқанын айтып, алдағы уақытта жұмысты нақты нәтижелермен көрсету керектігін еске салды.
– Құрметті жиынға қатысушылар! Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты толық жасақталып бітті. Алдағы аптада аудандық дербес бөлім басшылары тағайындалатын болады. Жаңадан тағайындалған қызметкерлерге сәттілік тілей отырып, жұмыстарыңызға зор қарқынмен кірісулеріңізді сұраймын, – деді Бақыт Нәсірханұлы.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі