Мақсат Әріп Біріккен Араб Әмірліктерінен ұсталды

Сағыныш Сардарова 18 нау. 2024 09:15 4844

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жариялады. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталған.

"Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментім іздеуге жарияланған болатын", - деп жазылған хабарламада.

Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар