Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2022 жылғы 05 қаңтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 қаңтар № 728