Малайзия павильонына келген астаналық Эльвира Маратова күтпеген жерден Iphone 7 ұялы телефонына ие болды. Сыйлықты Малайзияның мұрагер ханзадасы Тенгку Амир Шах ұсынды.
Әжесімен бірге көрмеге келген Эльвира Маратова болса, мұндай жағдай боларын білмегенін айтады.
«Мен Малайзия павильонына бірінші рет келіп тұрмын. Достарымнан Малайзия павильонының қызықты екенін естіп, әжемді арнайы осы павильонға кіруге көндіріп едім. Малайзия ханзадасы маған сыйлық беретінін білгем де жоқ. Қатты қуанып тұрмын», – дейді бүлдіршін.
Малайзия – технологиясы жедел дамыған елдің бірі. Олар жасыл энергияға баса мән беріп келеді. Су, жел, күннен энергия алуда алдыңғы қатарлы елдердің бірі.
Малайзия павильонының жастарға арналған апталығына арнайы келген ханзада Тенгку Амир Шах павильон ұжымына нәтижелі жүмысы үшін алғысын айтты. Ол Қазақстанда өтіп жатқан көрменің тақырыбы адамзат үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді.