Ол 1960 жылдары Ли мен келісімшарт жасасқанда әуел бастан Сингапур басшысына екі-ақ талап қойыпты, оның бірі «Егер сіздер расында еліңіздің дамуын қаласаңыздар билік басынан коммунистерді және коммунист шатыс бәлелерді қуасыздар» деген екен.
Оған Сингапур көсемі қарқылдап тұрып күліп «неге» деп таңырқай сұраған ғой. Сонда Альберт: «коммунистер – мұрындарына экономиканың иісі де бармайтын, нарық заңдары дегеннің не екенін түсінбейтін, тек қана ұраншыл ноқай болып келеді, ал мұндай сауатсыз басшылар басқарып отырған жерде қандай да бір өрлеу, экономикалық даму, әлеуметтік өркендеу деген нәрсе ешқашан болмайды, сондықтан Ли мырза, сіз екеудің біреуін таңдаңыз» деп бір-ақ кескен екен.
[caption id="attachment_49394" align="aligncenter" width="450"] Albert Winsemius[/caption]
Сингапур басшысы сәл ойланып бұның айтқанын екі етпей еліндегі коммунистердің ықпалын қатты шектеп батыс елдерінің даму жолына біржола бет бұрыпты.
Нәтижесінде, келешекте жаһандағы коммунистердің құрған басқару жүйесі өзін ақтап шықпай құрдымға кетіп Сингапур бүгінде үздік экономикалардың біріне айналды.
Жарықтық Альберт өз заманында сол кезден-ақ бұндай болашақты көре білген сұңғыла маман бопты. Сингапур басшысы білікті маманды «бұл көрегенді жігіт біздің еліміздің бағы болды» деп жиі сағына алады екен.
Расында, коммунист шатыс басшылар экономикалық сауаты шамалы, өте сауатсыз басшы боп келеді. Бұлар үшін бай елді кедей елге айналдырып тоздырып жіберу, жемқор боп кету, өзінің орашолақ саясатымен былыққа белшеден бату түкке тұрмайтыны анық.
Олжас ӘБІЛ