Сіздің қандай мақсатыңыз болды?
– Бұрын, мен билікке келіп, жұлдызым жанған кезде алдымда екі бағыт тұрды. Біріншісі: Құлқымның қамын жасап, байып- өзімді және туған туыстарымды «Forbes» журналының бетіне шығару яғни халқымды тақыр жерге отырғызып – өз басым шалқып өмір сүретін жағдайға жету болатын.
Ал екіншісі: Халқыма, Отаныма қызмет етіп – елімді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына жеткізу еді. Көріп отырғаныңдай мен екінші жолды таңдап, мақсатымды іске асырдым.
- Ия оған шүбәм жоқ, сіз жасаған ауқымды реформалардың арқасында Сингапур аз уақыттың ішінде көптеген белесті бағындырды. Айтпақшы сіз басқа бір елдіде осындай дәрежеге жеткізе аларма едіңіз?? Мысалы Үнді елін...
- Жоқ, себебі үндістер өзіндік бағыт бағдарын, салт дәстүрін берік ұстанып - ежелден келе жатқан халық. Ал ескілікке әбден үйреніп, жаңашылдықтан жасқанатын қауымға эканомикалық болсын, әлеуметтік болсын әйтеуір кез келген реформаны іске асыру аса қиын. Негізі әлемге танымал Гандимен Нерудің бірқатар мүмкіндіктері болған, бірақ қанша жерден тырысқанымен халықтың қанына сінген таптық жүйені түбегейлі құртуға олардың шамалары келмеді. Ал Сингапур болса енді - енді аяққа тұрған, жас бала сынды мемлекет еді. Сондықтанда маған анағұрлым оңайырақ болды...
(Сингапурдың әкесі атанған Ли Куан Юмен болған әңгімеден үзінді)
Аударған, Бурахан Даканов