Беларусь президенті Александр Лукашенко Пхеньянға сапары барысында КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынға мылтық сыйлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кездесу барысында тараптар бір-біріне ұлттық рәміздік мәні бар тартулар ұсынды. КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Беларусь президентіне қылыш пен қабыршақтармен әшекейленген ерекше ыдыс сыйласа, Александр Лукашенко әріптесіне Калашников автоматы негізінде жасалған қару табыстады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметіне жақын "Пул первого" Telegram-арнасы хабарлады.
"Жау пайда бола қалса, керек болып қалар", - деп әзіл-шыны аралас пікір білдірді Лукашенко.
Сонымен қатар Беларусь басшысы Ким Чен Ынның қару қолданудағы шеберлігіне де назар аударып, оның затвор механизмін меңгеруі жақсы деңгейде екенін атап өткен. Кездесу аясында Лукашенко өзіне тарту етілген ыдыстың жасалу ерекшеліктерімен танысып, солтүстіккореялық салтанатты қылышты да тамашалады.
Айта кетейік, 25–26 наурыз күндері Александр Лукашенко Пхеньянға ресми сапармен барды. Бұл – оның КХДР-ға алғашқы сапары. Беларусь көшбасшысын Солтүстік Корея тарапы айрықша құрметпен қарсы алды. Салтанатты рәсімге Ким Чен Ынның өзі, ел басшылығы, әскери қызметкерлер мен елорда тұрғындары қатысты. Мұндай жоғары деңгейдегі қабылдау Пхеньянда тек ерекше мәртебелі қонақтарға көрсетіледі.
