VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан алтын медаль жеңіп алған Аяш Қабдолаева "Құрмет" орденімен марапатталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақорданың мәліметінше, 51 жастағы спортшы мергендер сайысында екі бағдарлама бойынша бақ сынаған.
"Пута" нысанасы бойынша 60 метр қашықтықтан сынға түскен Аяш Қабдолаева қарсыластарынан озып, бірінші орын иеленді және алтын медаль жеңіп алды.
Ал "Орта Азия" нысанасы бойынша 40 метр қашықтықтағы бәсекеде ол алтыншы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Аяш Қабдолаеваны жарысқа өзінің келіні, жаттықтырушы Ажар Төлеуқанова дайындаған.