Алдағы екі жылда 22 мың 500 отбасы 2 пайызбен тұрғын үй несиесін алады.
Асқар Мамин Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.
«Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларын іске асыру аясында 5 жылдың ішінде жыл сайын 6 мыңға жуық көпбалалы отбасы үймен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап пәтер бөлуді бастаймыз», – деді премьер-министр.
Сонымен, Президенттің тапсырмасына сәйкес, мұқтаж отбасыларға тұрғын үй несиелері Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі жүйесі арқылы беріледі.
Дереккөз: Айқын