Көкшетауда зейнеткерлерді сан соқтырғандар ұсталды

Сағыныш Сардарова 26 қаз. 2024 15:44 3414

18 жастағы жігіттер үш ақмолалық зейнеткерден 6 миллион теңгеден аса ақша алған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көкшетаудың үш тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды. 22 және 23 қазанда зейнеткерлердің телефондарына бірдей ақпаратпен қоңыраулар түсті.

Белгісіз абоненттер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, немерелерінің жол-көлік оқиғаларына тап болғанын хабарлады. Алаяқтар мәселені ақшаның көмегімен шешуді ұсынды және зейнеткерлерді алдап соңғы жинақтарын алып қойған. Зейнеткерлерден ақшалай қаражатты Оңтүстік астанадан Көкшетауға келген 18 жастағы екі курьер алды.

Полиция дропперлерді дереу анықтап, ізін суытпай ұстады.

Күдіктілердің айтуынша, оларға жеңіл табыс телеграмм қосымшасында ұсынылған. Курьердің жұмысына не кіретінін түсіне отырып, жастар кураторлардың нұсқауы бойынша Көкшетауға келген. Екі күн ішінде олар үш мекенжайды айналып өтіп, қорыққан зейнеткерлерден ақшаларын алған. Олар қолма-қол ақшаны жұмыс беруші көрсеткен шоттарға аударды.

Қазір барлық үш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілеп ұсталып, олардан жауап алынған. 

Полицейлер жастардан және оңай табыс тапқысы келетіндерден мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі жұмыс берушілердің қызықты ұсыныстарына берілмеуін сұрайды. Алаяқтарға сену арқылы сіз қылмыстық схемаға қатысып, содан кейін сотқа дейінгі тергеудің қатысушысы болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары жалғызбасты туыстарына, ата-аналарына, әсіресе құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлерінен қоңыраулар түскен жағдайда, үшінші тұлғаларға ақша аудармауды немесе бермеуді ескертуді сұрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар