Ұзақ уақыттық декреттік демалыстан кейін Мөлдір Әуелбекова қызу жұмысқа кірісті. Ұлы небәрі 3 айға толғанда бейнебаян түсірген әнші оның шикі шыққанын мойындады. Оған бірнеше себеп бар көрінеді.
– Асығыс жарты күнде түсірілген бейнеклип. Босанып 3 айда қатарға ену қиындау екен, сонда да қоймай түсірдік! Клипке киетін киімдерді түсірілім алаңында бір-ақ көрдім! Шаш үлгісі мен бет әрлеуді бірнеше рет өзгертуге дым уақыт болмады! Биді сол жерде жаттадым! Ең маңыздысы асыққан себебім – үйде 3 айлық құлыншағым күтіп отырды! – деп жазады Мөлдір желідегі парақшасында.
Әнші келесі бейнебаянға дайындалып жатқанын жасырмады. Ол ендігі бейнеклипке асықпай дайындалатынына уәде берді.
Есте болса, бұған дейін Мөлдірдің “Туған ел” атты бейнебаяны туралы жазған едік.