Кәрімовтың кіші қызы: "Әкемізден айырылып қалдық..."

Dalanews 02 қыр. 2016 19:31 275


"Ислам Кәрімов жұма күні (2-ші қыркүйекте) көз жұмды" деп хабарлады Өзбекстан билігі.






[caption id="attachment_19567" align="alignright" width="167"]Шавкат Мирзияев Шавкат Мирзияев[/caption]

Жерлеуді ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып үкіметбасы Шавкат Мирзияев тағайындалды.

Кәрімовты бүгін, яғни сенбі күні марқұмның туған қаласы Самарқандта жер қойнына тапсырады. Елде үш күнге созылатын қаралы күн жарияланды.


 Айта кетелік, жерлеу рәсіміне жауапты Шавкат Мирзияевты сарапшылар Ислам Кәрімовтың ізбасары ретінде қарастыруда.


 Өзбек билігінің мәліметінше, Кәрімовтың өмірін сақтап қалуға Германия, Финляндия және Ресейдің үздік дәрігерлері шақырылған.




 Өз кезегінде Кәрімовтың кіші қызы Лола Инстаграмындағы парақшасында: «Әкемізден айырылып қалдық... Қазіргі күйзелісімді жеткізіп беретін сөз таппай отырмын, мен бұған сене алар емеспін...», — деп жазды.




Дереккөз: rbc

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар