Жетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысында жер сілкінді
kaztag.kz
Жетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысында таңертең жер сілкінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 қарашада Астана уақытымен сағат 07:15-те жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.