Мемлекеттен шекара арқылы психотроптық заттарды ірі көлемде өткізу дерегі тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен Жетісу кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 электрон темекі салынған пошта жөнелтілімі тәркіленген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 электрон темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылған.
Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.
Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.