Жалға берілетін пәтердегі диван жәшігінен бойжеткеннің мәйіті табылды

Dalanews 26 қаз. 2023 05:31 1294

28 жастағы өзбек қызының мәйті екі аптадан кейін Санкт-Петербург қаласында жалға берілген пәтерлердің бірінде табылды. Бұл туралы ресейлік ақпарат құралдары жазды.

Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстанның 28 жастағы азаматы мен оның 23 жастағы жігіті 10 қазанда пәтерді бір тәулікке жалға алған.

Келесі күні пәтерге үй жинаушы келіп, жұмысын аяқтаған соң кетіп қалған. Ол күдікті ештеңе байқамаған, диван жәшігін ашып көрмеген.

Екі аптадан соң пәтерді жалға беруші үйге келіп, әйелдің мәйітін тауып алған.


Тергеушілер «кісі өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

БАҚ мәліметінше, өлген қыздың жігіті 12 қазанда Санкт-Петербургтен Ыстамбұлға ұшып кеткен. Күдіктінің де еңбек мигранты екені мәлім.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар