Halyk Bank банктың бірегей – онлайн шот ашу қызметін пайдаланыңыз!

Dalanews 11 жел. 2020 07:01 1282

Halyk Bank банк өзінің тұтынушыларына онлайн қызмет көрсетуде оқ бойы озық келе жатқан еліміздегі беделді қаржы ұйымы болып табылады. Бүгінде бизнес бастауға шешім қабылдаған ел азаматтары банктың бөлімшесін бармай-ақ, үйде отырып бар жұмысын бітіре алады. Айталық, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ден қойған азаматтар ұзақ кезекте тұрмай, кеңседе отырып-ақ, еш қиындықсыз Halyk Bank банктен шот аша алады.

 

Жеке кәсіпкерлерге арналған бірегей мүмкіндік

Пандемия кезінде бұл қызметтің танымалдылығы арта түскені белгілі.  Осы ретте кәсіпкерлерге арналған жаңа жүйенің мүмкіндіктері жайында аз-кем айта кетейік.

Әдетте кәсіпкерлер есеп-қисап үшін банк бөлімшесіне барып, өзінің басты жұмыстарын кейінге шегеруге мәжбүр болатынын бәріміз білеміз. Осылайша олар белгілі көлемде табыс көзінен қағылып жатады. Бұдан басқа, қандайда бір банк операциясын жасау кезіндегі қағазбастылық, құжаттарды дайындау да адамдарды шаршататыны жасырын емес.

Осы орайда, Halyk Bank клиенттермен тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынас жасап қана қоймай, енді тұтынушыларға банк қызметінің қолайлығына баса көіл бөліп, кәсіпкерлерге онлайн қызмет көрсетуді ұсынып оытр. Жаңа қызмет кәсіпкерлердің қолын ұзартып, уақытын тиімді пайдалануға жол ашуда.

Жеке кәсіпкерлерге арналған бірегей мүмкіндіктің бірі –  онлайн шот ашу. Банк енгізген онлайн-онбординг жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер шотты жедел әрі сапалы түрде небәрі 10 минутта аша алады. Онбординг дегеніміз – бөлімшеге келмей-ақ, банктен шот ашып, барлық қызметті қашықтан алу қызметі дегенді білдіреді.


Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеу үшін компаниялардың есеп шоты болуы шарт. Ал банктік қызметтің сапасы таңдаған банкке байланысты болмақ. Себебі банктер кәсіп жүргізгенде жеке шотты қолдануға тыйым салады. Кәсіпкерлер қаржылық-несиелік ұйымдармен серіктестік шарттарын заңды тұлғалармен бірлесе отырып, қарастыратыны белгілі.

Көптеген жеке кәсіпкерлерге қаражатты жіберіп, қабылдау үшін, шот керек және ол өз кезегінде адамды негізгі жұмысынан алаңдатпайтындай, ұзақ-сонар кезекте күтіп уақыт алмайтындай, керісінше тез әрі жеңіл жасалуы маңызды.

Halyk Bank енді тек өз клиенттеріне ғана емес, кез келген тұтынушыға онлайн шот ашу мүмкіндігін ұсынып отыр. Ол үшін сіз тек қана видеотексерістен өтіп, банктің барлық тауарлары мен қызметтерін ала аласыз.

Halyk Bank ірі қаржылық институт бола тұра, жеке кәсіпкерлер үшін шотты онлайн ашуға мүмкіндік берген алғашқы банктердің бірі.

 

Шотты қалай ашуға болады?

Жеке кәсіпкер openaccount.onlinebank.kz сайтына кіріп, өз ұялы телефон нөмірін жазады, бұл нөмір электронды үкімет порталындағы мобильді азаматтар дерек қорына байланған болуы тиіс. Келесі қадам, электронды үкімет порталына тіркеліп, Onlinebank порталында тексеріс және тіркелу процесінен өту керек.

Онлайн шот ашу жобасын іске қосуда жаңаша банк атқарымдары, OAuth Egov.kz (ҚАТ АҚ), Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ),  Liveness онлайн видео тексеріс жүйелері қолданылды.

Halyk Bank банкке енгізілген және жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін шотты Онлайн ашу – бұл әлемдік өлшем бойынша бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компоненттерң пайдаланып, беделді консультанттардың пікірі ескеріліп, Мемлекеттік онлайн сервистер тартылып және жұмысқа жаңа тәсілдер қолданылғанын айта кетуіміз керек.

Ең бастысы, Onlinebank қосымшасын жүктеу қажеттілігін атап өтейік, себебі банк қызметін сыртқа шықпай, осы қосымша арқылы жүзеге асыруға болады. Halyk Bank шағын және орта бизнес бойынша сату департаментінің директоры Альфия Жексенбай аталған жоба Қазақстанда теңдесі жоқ екенін айтады.


– Halyk Bank енгізген кәсіпкерлерге онлайн шот ашу қызметі – әлемдік өлшемдерге сәйкес жасалған бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компонент іске асырылды, беделді консультанттар, мемлекеттік онлайн сервистер тартылды, жаңа тәсілдер қолданылды, – дейді маман.

Halyk Bank ұсынған онлайн шот ашу сапалы цифрлық сервисінің қызметін кесіпкерлер қашықтан тұтына алады. Осылайша, еліміздегі жетекші банк заманауи тиімді әрі оңтайлы тәсілдермен Қазақстандығы кәсіпкерлікті дамыта түсуге өз үлесін қосуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар