Гоголь көшесіндегі көне үйдің орны босатылды

Самал Асқар 12 ақп. 2026 14:21

Алматыда 1908 жылы салынған екі қабатты ғимарат бұзылып жатыр, деп хабарлайды Dala News.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Гоголь көшесі 45 мекенжайындағы ғимарат тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне кірмеген және тарихи-мәдени мұра нысаны мәртебесіне ие болмаған.

Билік өкілдері нысан әр жылдары қалалық қызметтерге пайдаланылғанын, алайда 2022 жылдан бері техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты қолданылмағанын хабарлады.

2025 жылы жүргізілген техникалық сараптама қорытындысы бойынша ғимарат апатты деп танылып, қалпына келтіруге жарамсыз деп шешілген. Қазіргі уақытта демонтаж жұмыстары аяқталуға жақын.

Жер телімі мемлекеттік жер қорына берілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove