"Газпром" Қазақстандағы көмір өндіруші ірі компанияны сатылымға қойды

Кәмшат Тілеухан 12 жел. 2024 11:33 319

"Газпромэнергохолдинг" Қазақстандағы көмір өндіруші компания - "Ангренсор Trading" ЖШС-ны сатылымға шығарды. Бастапқы құны - 23,4 млрд рубль немесе шамамен 116 млрд теңге. Бұл активті Ресей Қазақстаннан көмір тасымалдауда доллардай есепайырысып жатпасы үшін 2016 жылы сатып алған. Ол кездегі құны 2 млн рубльді немесе шамамен 10 млн теңгені құраған. Сондай-ақ ресейліктер компанияның 8,5 млрд рубль (42,5 млрд теңге) қарызын жапқан, деп жазады Dalanews.kz.

Компания сатылымға 27 желтоқсанға дейін қойылды. Сондай-ақ аталған компанияның қарызы шаш-етектен екені белгілі, деп жазады ресейлік РБК.

Бұл компания туралы не білеміз?

"Ангренсор Trading" ЖШС Екібастұз кен орнының тас көмірін көтерме жеткізуші болып табылады. Сондай-ақ ол Екібастұз көмірін өндірумен айналысатын "Ангренсор Энерго" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесіне ие. Бұл активті "Газпром" Қазақстаннан көмір тасымалдауда доллардай есепайырысып жатпасы үшін 2016 жылы сатып алған. Ол кездегі құны 2 млн рубльді немесе шамамен 10 млн теңгені құраған. Бұл арада Екібастұз көмірін "Газпромэнергохолдинг" құрамына енетін ОГК-2-ге тиесілі Троица және Серов ГРЭС-і пайдаланатынын баса айта кетелік. Сатып алынғаннан кейін бұрынғы меншік иесінің қарыздарын жабу үшін "Angrensor Trading" ЖШС-ға 8,5 миллиард рубль несие берілді. Сондай-ақ бұл қаражатқа Қазақстандағы өндірісті дамыту жоспарланған. Мысалы, кәсіпорын келісімшарт бойынша өзінің ГРЭС-терінен бөлек "Интер РАО-ға" да көмір жөнелтеді.

Трейдердің қаржылық қиындықтары

"Самұрық-Энерго" АҚ-тың деректері бойынша, 2017 жылы Қазақстандағы көмір өндірісінің жалпы көлеміндегі "Ангренсор Энергоның" үлесі 5% -ды құрады. Бұл - ең үлкен көрсеткіштің бестігі. 2023 жылы ЖШС елдегі көмір өндіретін ірі компаниялардың қатарына кірді. Ұйымның өткен жылғы материалдарында оның негізгі өткізу нарығы Ресей болып табылатыны айтылады. Дегенмен...

2023 жылғы "Ангренсор Энергоның" қаржылық есебінің аудиторлық қорытындысында 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖШС-нің жиынтық шығындары 58,6 млрд теңгені (өткен жылдың соңындағы Ресей банкінің бағамы бойынша шамамен 12 млрд рубль), ал таза активтер құны - "сомадағы теріс мәнде" 33,7 млрд теңгені (6 млрд рубльден астам) құраған.

"Бұл жағдайлар ұйымның өз қызметін үздіксіз жалғастыру қабілетіне елеулі күмән тудыра отырып, дүдамал ахуал барын көрсетеді", - делінген аудит қорытындысында.

2024 жылдың шілдесінде компанияның өтімділігі бойынша мәселелер әлі шешілмегені туралы кәсіпорын басшысы Андрей Метелев те айтқан. Осындай өтінішпен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына жүгінген ол "Ангренсор Энергоға" жергілікті нарықта 1 млн тонна көмірді өткізу және жеткізу бойынша жәрдемдесуді сұраған, сондай-ақ жеткізушілер алдындағы, атап айтқанда "БАС Карьер" ЖШС мердігерлік ұйымы алдындағы борышы туралы да айтылады.

Демек,қаржылық қиындық жағдайында сатып алған қазақстандық компанияның мәселесін ресейліктер де шеше алмаған. Санкциялардан кейін онсыз да қиын жағдайға тап болған "Газпромның" проблемалық активтерден арылуға тырысуы, бір жағынан түсінікті. Енді оның келесі қожасы кім болады, оны 28 желтоқсанда білетін боламыз. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар