"Астана ЭКСПО 2017" компаниясының бұрынғы департамент басшысы жемқорлыққа жол бергені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот Үсеновтің барлық мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет пен жоғары шенді лауазымда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырды.
Қажымұрат Үсенов жазасын жалпы режимдегі түзету мекемесінде өтейтін болады.
Еске сала кетейік, жемқорлыққа жол берген "Астана ЭКСПО 2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияв пен оның екі орынбасары - Әлішер Пірметов пен Мұрат Омаров та сот алдында жауап беруде.
Сондай-ақ, "Астана ЭКСПО 2017" компаниясының басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев та ірі жемқорлық қылмыстарға қатысы болғаны үшін айыпталуда.
Дереккөз: Nur.kz