Үкімет зираттағы орындарды сатқан адамдарды айыппұлмен жазалауды көздеп отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әрбір қайтыс болған азаматқа немесе баспанасыз адамға кемінде 6 шаршы метр тегін жер телімі бөлінуі тиіс. Бұл талап Қазақстанның жер заңнамасында көрсетілген.
"Жер кодексінің 109-бабы 3-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ жер қорынан зират үшін кемінде 6 шаршы метр жер телімі қайтыс болған азаматты жерлеу үшін тегін беріледі. Бұл ереже нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ марқұмдарға да қатысты", – делінген Премьер-Министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген ресми жауабында.
Сонымен қатар, ол діни рәсімдерге байланысты қызметтер әлеуметтік маңызы бар қызметтер қатарына жатпайтынын, сол себепті олардың бағасын мемлекет реттемейтінін атап өтті.