Әкімдік ғимаратында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Білім басқармасы», «Мәдениет және спорт басқармасы», «Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемелері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының 87 мектеп пен 35 колледжінде өз жұмысын бастаған қозғалысқа 63 жас сарбаз сыныбы мен 82 әскери-патриоттық клубтағы 5648 жас сарбаздық өреңдер мүшелік етеді.
Шара барысында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы елордалық филиал төрағасы Асхат Бағдатұлы Жастар жылында ұйым атқарған жұмыстармен таныстырып, қозғалыс жобаларының бір бөлігі мен алдағы жоспарлар жайлы баяндамамен бөлісті.
Меморандум мақсаты – қозғалыстың Нұр-Сұлтан қаласының қоғам өкілдерінің мәдени және спорттық, әскери білім беруде саласында дамудың келесі сатысында жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының 87 мектеп пен 35 колледжінде өз жұмысын бастаған қозғалысқа 63 жас сарбаз сыныбы мен 82 әскери-патриоттық клубтағы 5648 жас сарбаздық өреңдер мүшелік етеді.
Барлық мектептегі сыныптар мен клубтар сәйкестендірілген сертифакциялаудан өтіп, тұрақты түрде мәдени, спорттық және әскери тәрбие жұмыстарын жүргізуде.