Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тарихи маусымнан кейін елге оралды. 26 қараша кешке Алматы әуежайында спортшыны жанкүйерлері мен жас теннисшілер күтіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Биылғы маусым Рыбакина үшін табысты болды. Ол төрт турнирде жеңіске жетіп, олардың қатарында Australian Open және US Open жарыстары да бар. Екі турнирдің финалында да қазақстандық теннисші Арина Соболенконы жеңді.
14 қыркүйекте Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға көтеріліп, жыл соңына дейін көшбасшылық орнын сақтап қалды.
WTA тарихында маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтау 17 теннисшіге ғана бұйырған.
Алматыда спортшы жас теннисшілерге арнап шеберлік сабағын да өткізеді.