Дархан Қалетаев Винченцо Нибалидің жейдесін 1,5 млн теңгеге сатып алды

Dalanews 28 там. 2016 11:50 831

Бурабайдағы қайырымдылық бәссаудасында 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 миллион 450 мың теңгеге сатылды. Футболканы иеленген жас жігіттің есімі Гурам.

Ал Винченцо Нибалидің Джиро д'Италияда жеңіске жеткен Джерсиі де сондай бағаға – 1 миллион 450 мың теңгеге бағаланды. Оны Дархан Қалетаев сатып алды. Д.Қалетаев Нибалидің «Астана» велокомандасындағы соңғы маусымын өткізіп жатқанын, сол себепті футболканың бірегей екенін атап өтті.

Бәссауда әлі де жалғасады. Ол биыл төртінші рет өтіп жатқан қайырымдылық веложарысынан кейін басталады. Жыл сайынғы веложарысты Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұйымдастыруда.

 

Дереккөзі: «Қазақпарат» 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар