Бишімбаевтың анасы Наталья Грейсті ақша беріп шақыртқан ба?

Көркем Алдабергенова 15 қаз. 2024 11:09 2397

Қуандық Бишімбаевтың анасы ресейлік блогер Наталья Грейске ақша төлегені рас па? Бұл сұраққа экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеп.

Ерлан Ғазымжанов бұған дейін Наталья Грейсті танымағанын алға тартты.

"Қоғамда Наталья Грейске 100 мың қаржы төлеп, Мәскеуден шақырды деген ақпарат тарады, бірақ мен Наталья Грейске ешкім ақша төлемегенін білемін. Адамдар ол мұнда ресейлік блогер ретінде қолдау көрсетуі үшін әдейі шақыртылды деп жатты. Бұл – өтірік. Жасы 80-нен асып кеткен, әлеуметтік желілерде ештеңе білмейтін Бишімбаевтың анасы Наталья Грейсті тауып алып, оны шақырды дейсіз бе? Бұл ақымақтық секілді көрінеді. Біз Наталья Грейсті білмедік.

Оның тек ақшаға келісетіні туралы пікір жоқ. Бұл мүлдем дұрыс емес. Оның келуі және ақпараттық қолдауы ештеңеге әсер етпейді. Ол секілділер көп болды, мысалы, Собчак маған да жүгінді. Маған Собчак өкілдері жазды, сұхбат алғысы келді, мен бас тарттым. Себебі мен сот процесіне әсер етуі мүмкін іс-шараларға қатысқым келмеді", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі кезінде ресейлік блогер Наталья Грейс Қазақстанға келіп, Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алған болатын.

Бишімбаевтың анасы Әлмира Бишімбаева ұлын "ана ретінде қолынан келгенше қорғап жүргенін" айтып, көзіне жас алды. Сонымен қатар, Уәлихан Бишімбаев та ұлының ісіне қатысты пікір білдірді. 

Одан бөлек, Әлмира Бишімбаев ұлы Салтанатты өлтіру ойы болмағанын айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар