Бишімбаевтың адвокатының кесірінен сот уақытша тоқтатылды

Көркем Алдабергенова 15 сәу. 2024 12:26 5862

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың кесірінен сот процесі тоқтатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Судья Айжан Күлбаева сотталушының адвокаты Ерлан Газымжановқа қатысты сотты құрметтемегені үшін жеке сот қаулысын шығару туралы мәселені талқылау үшін сот процесін тоқтатты.

«Мен Бишімбаевқа сұрақ қойып біткен жоқпын. Сіздің (судьяның) әрекеттеріне қарсылық білдіруге мәжбүрмын. Қорғаушыларды тыңдамайсыз. Айыпталушының сөйлеуіне мұрша бермейсіз, бізге сұрақ қоюға мүмкіндік бермейсіз. Бұл біржақты процесс деп ойлаймыз. Бәрі Бишімбаевқа қарсы», - дейді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

"Сот қорғаушы Газымжановқа қатысты сот отырысы барысында сотты бірнеше рет құрметтемегені үшін жеке қаулы шығару туралы мәселені талқылау қажет деп санайды. Осы себепті сот кеңесу бөлмесіне шығарылады", - деп атап өтті судья.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар