Бишімбаев пен Байжанов сот отырысына келмеді: жарыссөз кейінге қалдырылды

Көркем Алдабергенова 29 сәу. 2024 10:12 6775

Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Себебі айыпталушылар сот залына әлі жеткізілмеген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тараптар айыпталушылар келмесе сот отырысын жалғастыра алмайтынын жеткізді. 

"Басты сот отырысы айыпталушылардың қатысуымен өтуі керек. Күзет қызметінде проблемалар пайда болғандықтан айыпталушылар сағат 11.00-ден кейін жеткізіледі. Басты сот отырысы 14.30-ға дейін кейінге шегеріледі", - дейді судья Айжан Құлбаева. 

Сот отырысының жалғасы бүгін сағат 14.30-да басталады. 

Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 24 сәуірде өткен сот отырысында сот тергеуі аяқталғаны белгілі болды. Ендігі кезек сот жарыссөзінде. Айта кетейік, Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзі 29 сәуірде басталып, 30 сәуірде, сондай-ақ, 2, 3 және 4 мамырда жалғасады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар