Батыс Қазақстан облысында киік популяциясын реттеу мақсатында жаңа шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Осы тұста Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің ғалымдары киікті Қазақстанның әр өңіріне жерсіндіріп, қолға үйрету мәселелерін ғылыми негізде қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылы орал популяциясындағы 200 мың және бетпақдаладағы 100 мың ақбөкенді атуға рұқсат берілгенін жеткізді. Оларды жою мерзімі 2024 жылдың 10 қаңтарынан 29 ақпанына дейін ұсынылды. Нәтижесінде биыл қыркүйек айынан қараша айына дейін ақбөкендер санын реттеу бойынша жүргізілетін шаралар жалғасатынын мәлімдеді.
Ведомство былтыр 16 қазаннан 10 желтоқсанға дейін "биологиялық негіздемеге" сәйкес табиғи ортадан 30 185 ақбөкен "тәркіленіп", ет комбинаттарына өңдеуге 630 тонна ақбөкен ұшасы жіберілгенін айтты.
Сонымен қатар биыл спорттық мақсатта ақбөкен аулау мәселесі пысықталып жатыр.
"Бұған байланысты министрлік ақбөкенге аң аулау мәселелерін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актіні әзірледі. Тиісті жобалар "Ашық НҚА" порталына орналастырылды", – делінген ведомство хабарламасында.