"Барлық іс айналып келіп Әлияға тіреледі". Назарбаевтың кіші қызын сот залынан қашан көреміз?

Dalanews 15 мам. 2023 03:56 1125

Оператор "РОП" ісіне қатысты сот процесі логикалық тұйыққа тірелді. Себебі, айыпталушылардың барлығы кез-келген қадам мен шешімнің артында Әлия Назарбаева тұрғанын айтып отыр. Сот, прокурор, адвокаттар кімнен сұраса да, осындай жауап алуда, – деп хабарлайды Dala Inside.

Өткен аптада бұл фарс шарықтау шегіне жетті. Сотқа «Recycling Company» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Әзімжан Оспанов шақырылған еді. Қазір ол куәгер статусында.

Ол 250 миллион теңгеге жалған келісім-шарт жасасып, оның ішінен 100 миллион теңгеден астам қолма-қол ақшаны Темірбек Рустамға берген.

Ал Темірбек Рустам сотта ол қаржының Әлия Назарбаеваға жеткізілгенін мойындады.

Бұл "Жаңа Қазақстан" тарихындағы ең "біртүрлі" сот болатын сияқты. Себебі, басты кінәлінің кім екенін бәрі біледі. Бірақ ол айыпталушы тұрмақ, куәгер ретінде де сотқа шақырылмайды.


"Жоғарғы Сотта, одан кейін Бас прокуратурада осыған қатысты бірнеше консультациялар жүрді", - дейді, Dala Inside дереккөзі.

"Жаңа Қазақстан" өз гештальтін қашан жабады? Басты сұрақ осында. Сол жағалаудың "Отбасы балаларын" жауапқа тартқысы келіп, қолы қышып жүргенін білеміз. Бірақ ол үшін бір оқиға болуы тиіс. Бәрі соны сарылып күтуде.

Нағыз "Жаңа Қазақстан" сол кезде ғана орнайды. Қазіргісі - "Уақытша Қазақстан".

https://dalanews.kz/del-qazir/89345-vse-idet-po-planu-qazaqstanda-resey-a

https://dalanews.kz/sadak/89332-resey-geosaiasi-turgydan-kuyrey-zhengil

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар