Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігі жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Cағыныш Сардарова 09 сәу. 2025 10:41 663

Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігі жемқорлық бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты департамент директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартты деген күдікке ілінді, осы арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден аса шығын келтірген", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар