Полиция мәліметі бойынша, жараланған үш адамға медициналық көмек сол жерде көрсетілген. Бірнеше жеріне оқ тиген үш жас жігіт ауруханаға жеткізілген, оларға ота жасалған. Бұл туралы облыстық аурухана директорының орынбасары Мұхамеджан Нұргазиев жергілікті баспасөзге хабарлады. Дәрігерлер біреуінің жағдайын "ауыр" деп отыр.
Атыстан бірнеше адам оққа ұшты, дейді куәгерлер. Бірақ бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті растамады, жоққа да шығарады.
"Қазіргі таңда кінәлілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқа да мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп мәлімдеді полиция.