Привокзальный шағын ауданында кішкентай баласы бар отбасы сұмдық жағдайда өмір сүрген- қоқыс үйіндісінің, зеңнің, тарақандар мен егеуқұйрықтардың арасында деп хабарлайды Dalanews.kz.
Көршілер бірнеше рет төзгісіз иіс пен антисанитариялық жағдайға шағымданған.
Тексеруді санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері бастаған. Бөлме толықтай зеңмен қапталған, қабырғаларда жәндіктер қаптап жүрген. Осындай жағдайда бірнеше адам, соның ішінде бала да өмір сүрген. Санитарлық қызметтердің араласуынан кейін тұрғындарды полицияға тергеу үшін жеткізді.
Коммуналдық қызметтер пәтерден қоқыс шығарып, ал СЭС мамандары бөлмені толық зарарсыздандыруға уәде берген.
