Астаналық дәрігер екі бірдей науқастың өліміне себепші болуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 21 қаз. 2025 10:12

Астанада екі әйелдің өміріне бір дәрігердің іс-әрекеті себеп болуы ықтимал. Екі операция да әртүрлі клиникаларда жасалған, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бірінші жағдай

КТК мәліметінше, жаздың басында септоринопластикадан кейін бір әйел көз жұмған. Кейін анықталғандай, операция жүргізілген клиникада арнайы рұқсат құжаты болмаған. Осыған байланысты медициналық мекеме лицензиясынан айырылды.

Екінші жағдай

Тағы бір қайғылы оқиға көктемде болған. Мұрынға жасалған пластикалық операциядан кейін қыз комаға түсіп, сол күйі реабилитациядан өтіп жатыр. Алайда операция жасалған клиника әлі тексерілген жоқ.

Комитет түсініктеме берді

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде бұл іс бойынша медициналық ұйымның тәуелсіз сараптама жүргізуге құқығы бар екенін мәлімдеді.

«Туыстары бір дәрігер екенін айтады, бірақ мен өзім байланысқан жоқпын: бізде субъектпен де, туыстармен де тікелей байланысуға құқық жоқ. Тексеру бастамай, нақты сол дәрігер екенін анықтай алмаймыз. Өкінішке қарай, олар тәуелсіз сараптамалық комиссия құрмаған. Осылайша іс қазан айына дейін созылды, енді бұдан әрі күтуге ниетіміз жоқ», – деді комитет төрағасының орынбасары Нұрлан Айманов.

Бұған дейін Астанада сот госпитализациядан бас тартылған сотталған азаматқа ем көрсетуді қамтамасыз етуге медициналық орталықты міндеттеген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар