Астанадағы биік ғимаратта алапат өрт: үш бала қаза тапты

Dalanews 12 сәу. 2026 10:50

Астана қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан үш бала көз жұмды. Қайғылы оқиға түнгі уақытта, 21 қабатты үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Өрт сөндірушілер жалын шарпыған пәтерден әйел адамды алып шыққан. Ол күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40 тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Тұрғындар не дейді?

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, аталған тұрғын үй кешенінде бұған дейін де бірқатар мәселе жиналған. Әсіресе, өрт дабылы жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және көлік қою тәртібінің реттелмеуі тұрғындарды алаңдатқан.

Куәгерлердің сөзінше, үй маңында көліктер ретсіз қойылғандықтан, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына дер кезінде жете алмаған. Кейбір жүргізушілер арнайы техниканың жолын жауып тастағаны айтылуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove