Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ саммиті басталды,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.
Іс-шараларға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысады.
Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай бойынша пікір алмасу, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық нәтижелерін және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылау көзделіп отыр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп мерекелеуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Қырғыз Республикасы 2025 жылы Ұйымға төрағалық етудің басымдықтары туралы ақпарат береді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ саммит қорытындысы бойынша тараптар бірқатар құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр.