Астанада тұрғын үйлердің бірінен екі адам секіріп, қаза тапты

Қаракөз Амантай 19 жел. 2025 09:47

Астана қаласындағы Highvill тұрғын үй кешенінде бір-бірімен байланысы жоқ екі адамның бір мезгілде секіріп, қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам да көз жұмған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Egov.press телеграм арнасының мәліметінше, осыған байланысты жергілікті полициядан ресми ақпарат беру сұралған. Құқық қорғау органдары аталған дерекке қатысты мән-жайды анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін дәл осы тұрғын үй кешенінің 24-қабатынан қыз бала да секіріп, көз жұмған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар