Астанада көктайғақ салдарынан үш автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қалалық полицияның мәліметінше, Iveco маркалы автобус Хусейн бен Талал көшесімен қозғалып келе жатып, тайғақ жолда Renault Sandero жеңіл көлігімен соқтығысқан.
Сол аумақта тағы екі автобус жол апатына ұшыраған. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ.
