Астанада өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы Н. Гастелло көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында құтқарушылар тілсіз жаумен күресіп жатыр.
Алдын ала дерек бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары күшейтілген деңгейде жүргізілуде.
