Freedom Inside '26

Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртке оранды

Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртке оранды
ТЖМ

Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда өрт шыққан.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Ведомство өкілдері өрт сағат 9:16-да оқшауланғанын хабарлады.