Астанада 61 зейнеткерге төленбеген өтемақы қайтарылды

Самал Асқар 29 сәу. 2026 16:27

Астананың Нұра ауданында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге төленуі тиіс қаражат берілмегені анықталып, олардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Dala News.

Аудан прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде кейбір мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерге заңда көзделген жәрдемақыны төлемегені белгілі болды.

Қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша 61 зейнеткердің құқығы қорғалып, оларға жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам өтемақы төленді.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove