– Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды.
Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді. Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды, – деді қала басшысы.
Әкімдік биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауда көздеп отыр. Әр үйдің өзіне тән күрделі тарихы бар, дегенмен әрқайсысы бойынша нақты іс-шара жоспары бар. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешілді.