"Artemis II" миссиясының экипажы Айға жақындап қалды

Сағыныш Сардарова 06 сәу. 2026 09:34

"Artemis II" миссиясының экипажы Айға жақындап қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

6 сәуірде астронавтар ұшу қашықтығы бойынша Apollo 13 миссиясының рекордын жаңартады. Бұл сәт Астана уақытымен сағат 22:56-да болады. Сағат 23:45-те Айды бақылау басталады.

7 сәуірде сағат 03:47-де кеме Айдың арғы бетіне өтіп, Жермен байланыс уақытша үзіледі, ал 7 сәуірде саңат 04:02-де Ай бетіне ең жақын нүктеге жетеді: шамамен 4500 миль (≈7200 шақырым).

Миссия барысында Orion кемесі Жерден шамамен 400 000 шақырым қашықтайды. Бұл - Apollo бағдарламасынан бері адамзат жеткен ең алыс қашықтық.

Айта кетейік, "Орион" ғарыш кемесі 1 сәуірде ұшырылды. 4 сәуірге қарай Artemis II экипажы Жер мен Ай арасындағы жолдың жартысын еңсерді. Қазір кеме 320 мың шақырымнан аса қашықты жүріп өтті.

Миссия барысында астронавтар Айды айналып өтеді, бірақ оның бетіне қонбайды. Жерге оралу 10 күннен кейін жоспарланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove