Ақтөбе облысындағы шахтада тау жыныстары опырылып, 24 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қайғылы оқиға 20 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинаты шахтасында болған. Жұмыс кезінде опырылған тау жыныстарының астында 24 жастағы үңгілеуші қалып, көз жұмған.
"Қазхром" компаниясы мәліметінше, шахтер қорғаныс бекітпесін орнатып жатқан кезде тау жыныстары кенет опырылған.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланған. Енді мамандар оқиғаның себебін, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болған-болмағанын анықтауы керек.