Жөндеу жұмыстары тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. Жөндеу 4 шілдеде сағат 21:50-де басталды, өйткені энергоблок қазандығын суыту үшін біраз уақыт қажет болды.
Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға орын алған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауға жұмыла кіріскен.
МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына қаиты зақым келтірілген жоқ.
Нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеу болмады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 03 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" ЖШС ЖЭС-те №1 энергоблогінде мәжбүрлі тоқтау орын алды.
Жөндеу кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.