Freedom Inside '26

Ақтауда аққулардың өлексесі табылғаннан кейін су сынамасы тексерілді

Ақтауда аққулардың өлексесі табылғаннан кейін су сынамасы тексерілді
Фото: 112_aktau

Ақтауда теңіз жағасынан бірнеше аққудың өлексесі табылғаннан кейін мамандар теңіз суын тексерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Маңғыстау облысының экологтары Каспий теңізінен су алып, зертханалық тексеру жүргізген. Зерттеу қорытындысына сәйкес, су құрамынан қандай да бір ластаушы заттар анықталмаған.