АҚШ-тың Мэн штатындағы Бангор әуежайынан ұшып шыққан сәтте Bombardier Challenger 650 маркалы жеке ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz CNN дереккөздеріне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің бортында сегіз жолаушы болған. Қазіргі уақытта олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.
Әуежай өкілдерінің хабарлауынша, төтенше жағдай қызметтері оқиға орнына жергілікті уақытпен сағат 19:45 шамасында (Мәскеу уақытымен 03:45) жеткен.
Апатқа байланысты Бангор әуежайы уақытша жабылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
